Қойнауы тарихпен қабаттас, бастауы игі іспен сабақтас Қызылорданың дамуы қарқынды. Бұл – ұлт зиялылары ұйысқан қасиетті мекен. Екі ғасыр бойы еңсесін тіктеп, ел аузындағы ғибратты еселеп келеді. Шындығында, шырайлы шһардың шежіресі шетте қалып жатқан жоқ. «Ақмешіт» атауы да қолданыстан тыс қалмады. Осы орайда, шолу жасағанды жөн көрдік.

Ақпарат айдын­ындағы қос ба­с­ы­лым

­Қо­ғам ­тір­­лі­­гі­­нің там­ы­р­ы­ журнал­ис­­­т­и­­­ка­­­мен қиюлас. Сон­дық­тан мер­зімді бас­ыл­ым­­­ның ­маңызы ­мен мазмұны зор.­ «Ақмешіт ап­­­та­­­­­­­лы­ғы» газеті 1994 жылдың 15 сәу­ір­інде жарық көрді. Қазіргі таңда ред­акторы – Әзиз Батырбеков. Қалам ұс­таған қауым қала­ның тыныс-тір­­шіл­і­­­г­ін сөз етіп, жаңа­лық­тың жа­р­шысына айналды. Отыз жыл­да озық болған басылым­ның өзіндік орны қал­ып­тас­қан. Әділхан Бәймен негізін қалаған газет ғұмырлы болды десек артық емес. Әр жылдары орақ тілді, от ауызды журналистер басқарып, Сыр журналистикасының бедел­ін арттырғаны ақиқат. Жаңа медианың талабына сай келген басылымның жұмысы жемісті. Ойлы оқырманға мәнді мақала, татымды тал­дау­ ұсынып келеді.

Жас­­тардың төл бас­ыл­ым­­ына айналған «Ақ­мешіт­ жастары­ның»­­ алғашқы нөмірі ­­2013 жы­лы­ 7 қыр­­күй­екте шықты. Әр жа­р­­ия­­ланымда өткір әрі өзекті мәселе көтеріп, қызықты дерек бөлісті. Рес­­­­­­пу­­­б­­­л­и­ка дең­ге­й­­­ін­­­­дегі жаңа­лықты қамтып,жас­­­тар­­­­дың тал­ға­­мын да­­ ұмыт­ ­қа­­л­­­­ды­­р­­­­мады. ­Өйт­кені­ мұнда тәжірибелі тіл­шілер қызмет атқарып, кәсіби маман­дар редакторлық етті. Газеттің үздіксіз жарық көруі тынымсыз еңбек пен зор ізденістің нәтижесі. Креативті жастардың бастамасын қолдап, жұмысын насихаттауда да басылымның атқарар рөлі айрықша.

Сыр мекеніндегі мешіт

Мұсылман үшін маңызды орын – мешіт. Жамағаттың жиылып, маңдайын сәждеге қойып, құлшылық ететін рухани ордасы. Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті 2008 жылы ашылған. Нысанның бой көтеруіне Өтемұратовтар әулеті демеушілік етіп, құрылыстың сапалы болуын алматылық «Күмбез» ЖШС-і қолға алған. Ал «Глобал Девелопмент» компаниясы тапсырыс беріп, бас мердігер жергілікті Альянс ЖШС мен көркемдік безендіру жұмыстарын «ҚаПРОЛТД» ЖШС және жеке кәсіпкер М.Байбосынов жүргізді. Мешіттің жалпы көлемі 5,257 гектарды құрайды.

Құрылысында қызық дерек пен ерекшелік бар. Мәселен, күмбез басындағы айшықтар алтыннан құйылған. Оны Қоқаннан келген шебер Шәміл Асатбаев жасаған. 6 қаусырмалы, 3 сыңар есік жүз жылдық қара ағаштан қашалыпты. Ал сыртқы қабырғасы қою жасыл түсті гранит тастармен көмкерілген.

Сондай-ақ мешіттің 4 мұнарасы бар. Алдыңғы екеуінің биіктігі 37 метр, қалған екі мұнара биіктігі 22 метр. Күмбез саны – 7. Қытайдан әкелінген 360 шамы бар хрусталь люстра орнатылған.

Иман үйінің іші толық жабдық­талғаны анық. Мұнда  ерлерге арналған 1 үлкен, 2 кіші намаз залдары, 300 адамға арналған  әйелдер намазжайы бар. Одан бөлек, 1 кітапхана, 2 дәрісхана, тегін тігін курсын оқытатын «Шебер әйел» қолөнер орталығы, «Tanym media» студиясы, діни сұрақтар бойынша кеңес беру орталығы, құран оқыту, неке қию бөлмелері, 3 қызметкерлер бөлмесі бар. Қазіргі таңда 18 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде бас имам, наиб имамдар, ұстаздар, ақпарат саласына жауапты мамандар, қарауыл мен тазалықшы бар.

Бас қақпадағы тарих қоймасы

Сан ғасырдың сырын бүккен музей біріне мәлім, енді біріне беймәлім. Біз облыстық тарихи өлкетану мұражайының филиалы Ақмешіт музейі туралы айтып отырмыз. Бұл ғимарат қала Перовск аталған заманда бой көтерген. Теміржол вокзалының маңында салынған.

Музей қабырғаларында ілінген графикалық суреттерде дарияның жағасында қамыс пен саз балшықтан салынған «Ақмешіт» бекінісінің сыртқы бейнесі бейнеленген. Сурет бойынша бекіністің айналасында орлар қазылып, ол суға толтырылған. Бұл тәсіл бекіністі сыртқы жаудан қорғау мақсатында жасалған екен.

 Ғимараттың іргетасы 1905 жылы қаланған. Алғаш әскери казарма ретінде салынып, 1917 жылы қайта қалпына келтіріліп, ел игілігіне берілген.  Кірпіші кетілмеген ғимарат бүгінге дейін сақталған. Жөндеу жұмыстары да жүргізілген.

2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында облыс­тық тарихи-өлкетану музейінің «Ақме­шіт» филиалы болып құрылды. Қазір  мұнда Қызылорда  қаласының 1925-1929 жылдары аралығында Қазақ АКСР-нің астана болған кезеңіндегі архивтік құжаттар, еліміздің маңызды саяси оқиғасы болған Қазақ атауының қайтарылуы, сол кезде қызмет еткен Алаш қайраткерлері туралы толық ақпарат бар. Қазақтың ұлттық театрының негізін қалауға атсалысқан тұлғалар жайында және ел астанасының денсаулық, білім, әлеу­меттік-эконо­ми­ка­лық саланың дамуынан тың дерек сақталған.

Сонымен қатар, Қазақ Орталық Атқару Комитеті төрағасының жұмыс кабинеті және XX ғасыр басындағы зиялы адамдардың тұрмысын көрсететін экспозициялық залдардан тұрады. Қазіргі таңда 2000-ға жуық жәдігер бар.

ХХ ғасырдың басында зиялы қауымның өкілдерінің қонақ бөлмесі интерьері орналасқан. 100 жылдан астам тарихы бар шегесіз тұтас ағаштан құрастырылып, ыдыс аяқ салу үшін пайдаланылған үй жиһазы, Еуропа елдерінде жасалған қабырға сағаты, пианино, патефон сынды жәдігерлер өз құнын жойған жоқ

Тіпті Қазақ АКСР құжаттары, үкімет мүшелері, сол кезеңде қа­жырлы еңбек еткен мемлекет қай­рат­кері Қ.Қожықов туралы көп дәйекті білуге болады. Қызылорда қаласында алғаш рет ғылыми-ағартушылық жұмыс­пен айналысқан Ахмет Байтұр­сынов, Міржақып Дулатов, Темірбек Жүргеновтің еңбектері бар. Музей қоры мұнымен шектелмек емес. Тарихты түгендеп, өткенді бағам­даймын деген адамға толассыз ақпа­рат пен мол мұра дайын тұр.

Аймақтағы аяқдоп шеберлері

Қоғам мен халық арасындағы алтын көпірді жалғаған журналистер спортта да қабілетті. Иә, «Ақмешіт» футбол командасы ойында ойсырап жеңілген емес. Керісінше аймақ абыройын асқақ етіп келеді. Оған алаңдағы әдісі мен қақпадағы көз ілеспес қозғалысы дәлел. Команда капитаны Әділбек Жақановтың сөзінше, журналистердің футболға қызығушылығы 2000 жылдары оянған. Ол кезде облыстық теле­арна­ның ұйымдастыруымен қарымды қаламгер Жақсылық Бекқожаев атындағы шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында турнир өткен. Бұдан бөлек, аудан әкімдерінің кубогі мен футбол жарыстарында бақ сынады. Осылайша 2014 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің аймақтағы меншікті тілшісі Ержан Байтілес «Ақмешіт» командасының құрылуына мұрындық болған.

Жеткен жетістік аз емес. Қарбалас жұмыс кестесіне қарамастан дайын­дыққа уақыт табатын жігіттер жүй­рік­тігін дәлелдеп жүр. Шымкент қала­сында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90 жылдық мерейтойына орай ұйым­дастырылған турнирден олжалы оралды. Сондай-ақ, Сыр қаламгерлері қазақ спортының қайрағы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы турнирде 2015 жылы қола медаль, 2017 жылы чемпион атанып, 2022 жылы күміс медаль иеленген. Ал былтыр Амангелді Сейітханов атындағы турнирде топ жарды.

«Ақмешіт» командасының құрыл­ғанына он жылдан аса уақыт өтті. Осы мерзімде Қызылорда қаласында үш рет республикалық турнир өткі­зіп, еліміздің әр түпкірінен қалам­гер­лердің басын қосып, ала доп бәсе­кесін ұйымдастырып үлгерді. Бұл да бір жетістік. Қазіргі таңда құрамада футболға икемі бар 15-ке жуық тілші бар.

Нәзік АХМЕТ

       

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!