Ана деген бір бөлек әлем бөлек,
Ана деген жаныңда жүрер жан серік, дара тіреу.
Ананың барында біл қадірін, бағалап ал,
Анасыз өмірдің қызығы жоқ шыны керек.
***
Ұстаздарға
Ұстазым, ақылшым, данамсың,
Қолға қалам ұстатып, алғаш әріп үйреткен анамсың.
Бастауыштан қостауышқа жеткізген
Қатемізді әрқашан да кешірген.
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Адам қылып мектепті де бітірткен.
***
Әке
Әкешім асқар тауым, биігімсің,
Анашым мен үшін жалғыз ғана тірегімсің.
Өмірде әке мен ана жалғыз ғана
Сондықтан бағалай біл, қадірлей біл.
Айзере МҰХАНҚЫЗЫ,
Абылай хан атындағы
№140 мектептің 6 ә сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!