Ана деген бір бөлек әлем бөлек,

Ана деген жаныңда жүрер жан серік, дара тіреу.

Ананың барында біл қадірін, бағалай біл,

Анасыз өмірдің қызығы жоқ шыны керек.

Ұстаздарға

Ұстазым, ақылшым, данамсың,

Қолға қалам ұстатып, алғаш әріп үйреткен анамсың.

Бастауыштан қостауышқа жеткізген

Қатемізді әрқашан кешірген.

Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,

Тұлға қылып мектепті де бітірткен.

Әке

Әкешім асқар тауым, биігімсің,

Анашым мен үшін жалғыз ғана тірегімсің.

Өмірде әке мен ана жалғыз ғана

Сондықтан бағалай біл, қадірлей біл.

Айзере МҰХАНҚЫЗЫ,

Абай атындағы

№140 мектептің оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!