Бақыт деген сенің өмір-сүргенің,
Еш уайымсыз шат-шадыман
күлгенің.
Аяғыңмен жерді басып жүргенің,
Өз көзіңмен бұл фәниді көргенің!

Бақыт деген сенің аман болуың,
Денің сау боп, шапқылап бір
жүруің,
Саф ауаны құшырлана жұтуың,
Жақыныңмен бірге өмір сүруің!

Бақыт деген сенің бала кездерің,
Ата-анаңмен мерекеге барғаның,
Топырақтан қамал жасап
ұтқаның,
Қайғы-мұңсыз тәтті ұйқыға
батқаның!

Бақыт деген сенің сүйікті
болғаның,
Ғашығыңды бұл әлемнен
тапқаның,
Сезімге мас бо(лы)п, лаулап
оттай жанғаның,
Өз жартыңмен кетіп бара
жатқаның!

Бақыт деген үлкен де емес, кіші
емес!..
Бақыт деген аз да емес, көп
емес!..
Бақыт деген әр адамға әртүрлі
Бір сәтсіздік өміріңнің соңы емес!

Диляра Ерланқызы,
№ 12 І.Қабылов атындағы
IT мектеп-лицейдің
11 сынып окушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!