Фото: juldyz.kz
Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын Күләш Ахметова 79 жасында өмірден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күләш Ахметова мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері атанған.
Ақынның әр жылдары «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ – жаздың жүрегі» атты өлеңдер жинағы жарық көріп, оқырманнан лайықты бағасын алған.
Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Еске салсақ, бұған дейін ақын Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден озғаны туралы жазған едік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!