Дүниелік білімнің кілті, өмірді танытушы құрал – кітап. Жалғанды жалпағынан басу үшін, басты болу үшін де “кітап” дейтін бақ керек. Алайда, арғы жағын ойлай бермейтін азаматтар оқудан ада болған. Кітаптың қасиеті құрып, оқырмандары азайған заманның зардабы қандай болмақ? Кітапты оқудың кему себебі қайда жатыр?

  Рухани мүгедектер көбейіп, жаны бос, тәні ғана түгел жандар көп бүгінде. Кітаптың қызығына батып, қас-қағымда қаріп ұмыту – көптің қолынан келмей тұр. Кітапхана сөрелерін шаң басып, оқырманы табылған қанша оқулық тұр десеңші. Желөкпелікке салынып, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен өтуге өкшелеп алған өрендердің кітап оқымауы – заманауи технологиялардың кесапаты. Ғаламның торына, смарттың фонына айналған жасөспірім кітаптың бетін ашпақ түгіл, басын сұқпаламайды. Мойыны үзілгенше монитор бетінен бас алмайтын балалар болар шақтың бас болар, орда бұзар азаматтары деуге ауыз бармайды. Маржанмен емес, әлемжелідегі арзан біліммен азықтанып өскен ұрпақтан қандай болашақ күтуге болады?

Заман талғамы тым жоғарылап, технологиялар жаңартылғанмен де, жалғыз ғаламтордың білімі жалқы адамға да жетпейді. Себебі монитор артындағы үзік білімнің өзі кітап беттерінен алынған. Тек оқулық ақтарып, оны санаңа сіңірсең сенен артық “саналы адам” жоқ. Жетістіктің  ең басты негізі – кітап. Тез ойлануға, тез шешім қабылдауға, өсіп-жетілуге жәрдем беретін бірден-бір зат – кітап. Онсыз ойлаудан қалып, ор текеден еш айырымымыз болмай қалады. Кемелденуге көмекші болар кітаптың қай ғасырда да орыны бөлек, орамы бөлек. Сан ғасырлар бойы оқуға, көзді ашуға көңіл бөлінгені де сондықтан. “Алаш” салып кеткен арлы жолды адал аттап, ақылды ұрпақ болуға талпыныс тағы қажет. Кітапты қолдан тастамай, қиянат қылмау – саналы адамның саясаты.

Қаншалықты көңіл бөлінгенмен, жасөспірімнің оқуға деген  махаббатын ашу ақсап тұр. Елімізде жасалып жатқан іс-шаралар, ынталандыру үшін жасалатын жарыстар жиі орын алады. Бәйгеге түрлі сый- сияпаттар тігіліп, үздік оқырманды анықтайды. Қаншалықты үлестіріп жеңістерімен құттықтаса да,  қызығушылық деңгейі сол қалпында. Күйіндірері сол.

Кітаптың оқырманы да құруға ұшырап, құрдымға айналу алдында тұр. Ілгері аяқ басудың орнына, артқаадым күн санап артып келеді. Оқудың, ілім алудың пайдасынжіті түсіндіріп, жігін ажыратқан жөн.

 Кітап қашан да құнды құжат. Қапалы қазақ кітапсыз өсіп- өнбейтінін қашан да білген. Қанға сіңген қасиетті құрдымға  әкетпей, жаңғыртып, ел балаларының есін ертегіден, ересегін жаңарту қажет!

Аружан ҚАРАБАТЫРОВА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

журналистика факультетінің

1-курс студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!