Ұлылардың ұлысы, ақындардың алғашы,
Мағжан деген аты бар, аты өшпес,данасы.
Бекеннің ол айбаты, қазаққа келген айбары
Қызылжарда туылып, әлемге атын танытты.
Адалдық пен әділдік,еліне деген құштарлық.
“Шолпан” деген шығарма,болады есте қаларлық.
Көзқарасы ерекше, ойланады өзгеше
Азаттық рухты айқындап, халыққа ақыл айтады.
Халық рухын көтерер, өлең,сөзбен жеткізер.
Отпен бірге жанады, бәрін жайпап салады
Оқуға да шақырып, жақсылық көп жасады.
Ұмтылдырып адамды, биікке оны қояды.
Жастарға сенер ақын деп,барлық халық біледі.
“Мен жастарға сенемін!” деген сөзін еске алып, алға қарай ұмтылды.
Арыстандай ол -бәріне қарсы тұрады.
Халық үшін жанын беріп жатады.
Мағжан деген- ұлы тұлға оралмас,
Одан асқан ақын бар деп айта алмас,
Сүйіп өтем, өлеңдерін,сырларын.
Жырлап келем,тоқтатпаймын,бұларын.
«Мағжан» – деген есімі бар әйгілі,
Мен үшін бұл қала береді,үнемі
Сыйлап өтем,қадірлеймін халқымды,
Мағжан сенген жастары,болармын халық ақыны.
Ұстазым деп таныдым,
Абай менен міне осы Мағжанды.
Айзере ХАКІМ,
А.Хангелдин атындағы №179 орта мектептің 10-сынып оқушысы,
Жетекшісі: А.Манапова.
Қарауылтөбе ауылы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!