Қазіргі заманғы кітапханалар ақпарат пен құжаттарға сұранысты қанағаттандыру үшін оқырмандардың барлығына дерлік қолжетімді болу керек. Мобильді кітапхана – кітапхананың жаңа қызметі, тәжірибелік біліктілік, келешек.
Қазір адамдар интернет желісіне смартфондардың көмегімен кіріп, керек ақпаратқа қол жеткізе алады. Бүгінде ата-анасы қазақша сөйлесе де, баласының тілі орысша шүлдірлеп шығатын отбасылар аз емес. Сондықтан үйдегі баланы смартфондағы контенттің тәрбиелеп отырғанын мойындауымыз керек. Бала экраннан көргенін ешкімнің үйретуінсіз, бағыт-бағдарынсыз қайталайды.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделінің» жаңалығын іске асыру аясында, әр топта кітап бұрышын ұйымдастыру қолға алынғаны, балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру негізгі міндетке айналғаны белгілі. Осыған орай “Бегім ана” бөбекжай-бақшасында кітап бұрышын ұйымдастырумен қатар ата-аналар мен балаларға арналған ерекше “Балалар мобильді кітапханасы” ашылды.
Мобильді кітапханада түрлі жанрдағы, атап айтсақ, “Халық” ертегілері, “Қиял- ғажайып” ертегілері, “Хайуанаттар” туралы ертегілерін және шығармашыл ұжымның бұған дейін де «STEAM» дамытушы орталығында «Мультстудияда» түсірілген анимациялық ертегілерді тамашалауға болады. Ертегілердің барлығы дерлік балабақша тәрбиешілерінің даусымен жазылған. Сонымен қатар ертегілерді көру планшеттің немесе ұялы телефонның QR код программасы арқылы жүзеге асады. Осы орайда ата-аналар мен балалардың мобильді кітапханаға деген қызығушылығы жоғары екендігі байқалады. Оның дәлелі балалардың қызығушылығына қарай, ата-аналар балаларымен бірге отырып ертегілерді көруі. Басқа да қызыққан ертегілерінің QR кодын ата-аналар сақтап алып, балаларымен үй жағдайында да тамашалауда.
Баланың жан жақты дамуы басты назарда. Бала – болашағымыз,сол үшін әр күнін қызықты, мағыналы, есте қаларлықтай өтуі үшін бөбекжай бақшада түрлі бағытта, жаңашаша сипаттағы жұмыстар қарқын ала береді.
Айгерім ЕМБЕРГЕНОВА,
«Бегім ана» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!