«Тәрбие тал бесіктен басталады». Қай уақытта да отбасындағы ұрпақ тәрбиесі қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетіндер – әйелдер мен жас балалар. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Дөрекілік, балаға күш көрсету, олардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылық, сайып келгенде, қылмыс болып саналады. Ол өз-өзіне қол жұмсауға алып келуі мүмкін.

Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында республика бойынша «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты 21 маусым мен 30 маусым аралығында онкүндік акция өтті. Іс-шара аясында облыстық жастар ресурстық орталығы Қызылорда қаласының жергілікті полиция басқармасымен бірлесе отырып, қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар шара барысында тұрғындарға зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жәбірленушіге арналған таратпа материалдары таратылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!