Президенттік әдеби сыйлық тағайындау мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жас қазақстандық жазушылар мен ақындарды қолдау үшін Президенттік әдеби сыйлық тағайындау мәселесі пысықталуда. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тиісті Жарлық жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуде. Президенттік сыйлық «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша бұрын-соңды жарық көрмеген шығармалары үшін Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтарына табысталатын болады»,- деп атап өтеді Премьер-Министрдің орынбасары.
Ералы Тоғжановтың атап өтуінше, отандық әдебиетті қолдау үшін қолданыстағы заңнамада жеткілікті тетіктер қарастырылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!