2022 жылғы қарашада Қазақстанда өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда кітаптар 16,5 пайызға қымбаттады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлік бөліністе кітап бағасы Ақмола облысында ең қатты өскен – 43,4%. Сонымен қатар ең жоғары өсім байқалған өңірлер бестігіне Түркістан облысы (41,4%), Астана қаласы (38,3%), Қостанай облысы (28,9%) және Атырау облысы (24,9%) кірді. Баға Маңғыстау облысында ғана өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, соңғы 10 жыл ішіндегі ең жоғары қымбаттау (жылдық) 2016 жылдың тамызында тіркелді. Ол кезде баға 26,4%-ға өсті.

Айта кетейік, республикада 3 920 кітапхана жұмыс істейді, оның төртеуі – электрондық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!