«Әлем аруы» сұлулық байқауына Қазақстан атынан қатысып жатқан Камилла Серікбай сахнаға шығып, күллі әлемге қазақтың ұлттық киімін көрсетті. Бойжеткен қызыл және ақ түсті көйлекті таңдаған.
Байқаудағы ұлттық киімдердің көрсетілімі Miss Universe Youtube-каналында жарияланған. Камилла Серікбай бұл кезеңде өнер көрсетпес бұрын Instagram парақшасында қалың көпшіліктен қолдау сұрады. Айта кетейік, бұған дейін «Қызылорда аруы» атанған Камилла Серікбайдың халықаралық «Әлем аруы» байқауында Қазақстан намысын қорғайды. Бойжеткен бүгінде Сүлейман Демирел атындағы университетте заңгер мамандығы бойынша білім алып жатыр. Қызылордалық ару ағылшын мен түрік тілін оқып үйренуде. Оның үстіне, бойжеткен 13 жасынан бері каратэмен айналысқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!