Естай есімді бала «Шытырманға саяхат» атты оқиғасын бастады. Иә, аты айтып тұрғандай, қызыққа толы сәттер. Ол бала кезінен өзін сол жерде жүргендей сезінетін. Оның ойын барысында танысқан Еңлік атты көрікті досы болды. Еңлікке қызыға қарайтын. Оның құпия кітабы бар болатын және ол оны «Менің шытырман оқиғаларым» деп атады.
– Мынау менің шытырман оқиғалар туралы кітабым. Бұл жерде әйгілі саяхатшының суреті бар. Өскен соң ол саяхаттаған жерге мен де барамын. Әсіресе, Оңтүстік Америкадағы Жұмақ сарқырамасына баруды армандаймын. Екеуміз үлкейгенде сол жерге үйімізді апарып қоямыз,– деп Еңлік Естайға өзінің армандарын бөлісетін. Оның ойын құптаған Естай оған бірден уәде береді.
Арада біршама уақыт өтеді. Ал Естай өзінің бала кезіндегі «Шытырманға саяхат» атты оқиғасын бастауға әлдеқашан кірісіп кеткен еді. Ол екеуі бірге түрлі жерлерді аралайды. Бірақ бала кезгі армандарын ұмытпай, тек соған қарай ұмтылады. Бірақ еш шара болмағандықтан, өз үйіне қайтуды жөн көреді.
Біраз уақыттан кейін Еңлік ауруға шалдығып, өмірден озады. Бірақ бұл олардың бала күнгі армандарына шектеу қоя алмайтын. Естай ерекше әуе кемесін жасауға кіріседі. Оның ойындағы әуе кемесі жай кеме емес, ұшатын үй еді. Көп ұзамай, бұл арманына да жетеді. Ол өз үйінің шатырына көп шар байлап, үйді көкке ұшырады. Оның қолынан бәрі де келді, тек Жұмақ сарқырамасына жету ғана қалды.
Бірде ол ұшатын үймен көкте жүрген уақытта қатты жел болып, найзағай соғады. Желдің қатты болғаны соншалық Естайдың үйін ұшырып, айдалаға әкеліп тастаса керек. Бірақ бұл Естай үшін қуанышты жаңалыққа айналды. Неге десеңіз, жел оның үйін Жұмақ сарқырамасына жақын жерге айдап соққан-ды. Оның қуанышында шек болмады.
– Еңлік, көрдің бе? Өзің айтқандай, мен уәдемді орындадым, – деп іштей айтып қоятын.
Ол Жұмақ сарқырамасына түсіп қана қоймай, ерекше бір әлемге тап болады. Ол қандай әлем дейсіз бе?! Онда біз көрмеген тіршілік иелері өмір сүретін. Құстары бұлбұлдай сайрап, алып-алып динозаврлар, адаммен тілдесе алатын жан-жануарлар мекен етеді. Осының бәрін зерттеп өз еліне қайтып оралған Естай үлкен құрмет ие болыпты.
Аружан МАҚСЫМБЕТ,
№102 орта мектептің оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!