Қол үзіп қалсам жырымнан,

Мұң кешіп ұзақ жүремін.

Өлеңім − менің үмітім,

Үмітсіз соқпа жүрегім!

Бұл − “Пәк сезім” атты кітаптың алғашқы бетіндегі өлең. Жыр жинағының авторы − Сермаханова Гүлдана. Ақын қыз − Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры аясындағы “Әдебиет әлемі” орталығының, сонда-ақ орталық Азия мемлекеттері арасында құрылған “Янги Овоз” жазушылар және тарихшылар қауымдастығының мүшесі.

Мен  “Пәк сезім” кітабын сондай қызығу­шы­лықпен оқыдым. Әр өлеңін оқыған сайын поэзияға деген құштарлығым артты. Әртүрлі тақырыпта жазылған өлеңнің бәрінде бір сыр бар сияқты сезіледі. Әсіресе махаббат, ана туралы өлеңдері жүрек тебірентеді. Ақын өз өмірінің сан қилы сынағын өлеңмен оқырман жүрегіне жеткізе білген. Ол маха­батты жырлай отырып, нәзік, адал, өкпе-наз, сағыныш сынды сезім иірімдерін әдемі суреттейді.

Кітаптағы ақын, драматург, сазгер Исраил Сапарбайдың алғысөзінде: “Мен парақтап отырған “Пәк сезім” атты жыр жинағы “Өлеңсіз соқпа жүрегім” деген өлеңмен басталады екен. Бұл өлеңде “Өлеңім − менің үмітім” деген жолдар кезігеді. Бұл жол алғашқыда ұнай қойған жоқ. Бір ғана үміттің ұшпаққа жеткізе қоймасы белгілі. “Өлеңім − менің үмітім, Үмітсіз соқпа жүрегім…” дегеннен кейін барып көңіл орнына түскендей болды” дейді аға буын.

Аида АЙТБАЕВА,

ҚМУ-дың студені

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!