Маңғыстау облыстық «Дәулеталы Ата» қоғамдық қоры Жарыұлы Дәулеталының кең Жылойда еңсе көтерген кесенесінің ашылу салтанаты мен Баба рухына бағышталатын Асқа арналған республикалық ақындар мүшайрасын жариялайды.
МҮШӘЙРАНЫҢ МАҚСАТЫ:
Бабамыздың аты жаңғырған ақжолтай күнді абыроймен өткізу – негізгі міндетіміз.
Бұдан соң есімі Ұрпақтарының ауызында құрметпен айтылатын Дәулеталы бабамыздың жырдағы, өлеңдегі тұлғасын қалыптастыру, қазіргі қазақ ақындарының поэзиясы арқылы Баба бейнесін жырдан сомдау;
Дәулеталы руынан шыққан елге белгілі, ұрпаққа аңыз болған Досан батыр, Қоштай сақи т.б. секілді тарихи тұлғалардың есімдерін, елдік, ерлік істерін жырға қосу;
Ауылымыздың ақсақалы, Маңғыстаудың абзал азаматы Керелбаев Сақып Бүркітбайұлының бастамасымен 2021 жылы Ата бейіті басында көтерілген кесенеге жырдан шашу шашу;
Осы кесенені тұрғызу идеясын қолдаған, Бірліктің, Татулықтың туын көтерген іргелі ел – Дәулеталы ауылының азаматтарының ортақ іске деген алғаусыз ниеттеріне алғыс айту.
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР:
• Мүшайраға 18 – 63 жас аралығындағы дәмелі ақындардың бәрі
қатыса алады.
• Әр ақын 2 өлең: бірі – тақырыпқа сай, Дәулеталы атамызға,
Дәулеталы атамыздың кесенесіне, Дәулеталы ауылының Бірлігіне арналған өлең; екіншісі – еркін тақырыптағы өлең жолдауы тиіс! 3, 8, 10 өлеңнен жіберген үміткерлерді ұйымдастыру алқасы мүшайраға қатыстырмауға құқылы.
• Мүшайраның ұйымдастыру алқасы тек шектік мерзімде жұмыс
істейді. Яғни, мүшайра шарттарында көрсетілген мерзімде үлгермеген, уақытында жолданбаған өлеңдер мен қатысушылар мүшайраға жіберілмейді.
Құрметті Ақындар, Өлеңге құрметпен қарағандай Уақытқа да Жауапкершілікпен қарауларыңыз сұралады.
МҮШӘЙРАНЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ:
• Мүшәйраға дастандар қабылданбайды. Ұсынылатын өлеңдер 14
өлшеммен жазылғанда 3 беттен аспауы шарт! Шарт бұзылған жағдайда өлең жарыстан шеттетіледі.
• Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған, жаңа өлең ұсынылуы
тиіс.
• Мүшайраға өлең қабылдау 21.03. 2022 – 21.04. 2022 аралығында
жүреді. Көрсетілген кешіккен өлеңдер қабылданбайды. Бұл шешімді қазылар алқасы емес, ұйымдастырушылар қабылдайды.
• Мүшайраға кеп түскен өлеңдердің авторы көрсетілмей, қазылар
алқасына ұсынылады. Жүлделі өлеңдер іріктелген соң, ұйымдастырушылар авторға хабарласып, марапаттау салтанатына шақырады.
МАРАПАТТАУ САЛТАНАТЫ:
• Мүшайраның қорытынды кеші – марапаттау салтанаты 2022
жылдың 7, 8 мамыры күндері өтетін Дәулеталы ата асында өтеді деп жоспарланып отыр.
• Мүшайраның жүлде қоры:
Бас жүлде – 1 000 000 млн теңге
І орын – біреу, 500 000 теңге
ІІ орын – біреу, 300 000 теңге)
ІІІ орын – екеу, 150 000 теңге
Арнайы жүлде – төртеу, 50 000 теңгеден
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:
• Мүшайраға қатысты туындаған барлық сұрақтарды 87750001988
нөмірі арқылы Еділ Бекмұратовтан білуге болады.
• Өлеңдер 14 өлшемді әріптермен теріліп, автор туралы
мәліметтермен бірге edil362@mail.ru поштасына жолдануы керек.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!