Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан «Жастар жырлайды» жазба ақындар айтысының финалына шыққандар белгілі болды. Қазылар алқасының шешімімен 4 ақын финалдық кезеңге жолдама алды. Олар Бексұлтан Орынбасаров, Динар Рахман, Шыңғыс Құдайберген және Айбану Қалиева. Ақтық сынға шыққан 4 ақын қазылардың нұсқауымен жұпталды. Сонымен жеребе рәсіміне сәйкес алғашқы жұп яғни Динар Рахман мен Шыңғыс Құдайбергеннің айтысын назарларыңызға ұсынамыз.
Динар Рахман:
Көгерер ер батадан, жер
жаңбырдан,
Жырыңмен өсіп жүрген мен
балдырған.
Тамыры терең кеткен
Қызылордам,
Тарихта өшпейтұғын мөр
қалдырған.
Үш кезең айтыскерлер өнерімен,
Таңдайдан жыр, маңдайдан тер
жаудырған.
Саңлақтарды тудырған Сыр
анамсың,
Атағыңнан ат үркіп, тау
жаңғырған.
Ассалаумағалейкүм ағайындар,
Есендікті сұрайын ел қауымнан.
Сусап келген адамға су түгілі,
Қасиетіңнің өзі де шөл қандырған.
Бісміллә естілсе деп төкпе
жырым,
Ортаға Динардайын жеткен ұлың.
Айтыстың финалына міне ағайын,
Бөлініп шығып қалдық төртке
бүгін.
Финалда жұп қылыпты
Шыңғысымды,
Сенімді серігімсің сертке мығым.
Мұғалім Шыңғыс әрі ақын болып,
Еліне ерен еңбек еткен ұлың.
Осы жазда сәбилі болып жатыр,
Тілеймін бөбектердің көп болуын.
Осылай бауырымды көтеремін,
Ұрпағы емес пе едік көк бөрінің.
Жанына жылылықты терең егіп,
Шыңғысқа бауыр болып келем
еріп.
Айтыс деген ағайын ұлы өнер,
Кететін жан дүниеңе терең еніп.
Рухани жаңғыруың елге пайда,
Беретін ескі сана, көне көрік.
Кезегіңді берейін олай болса,
Тастаймын десең егер өлең өріп.
Шыңғыс Құдайберген:
Уағалейкумәссәләм, Динар інім,
Есен бе, ата-ана үй қауымың?
Ізетті інім едің ізіме ерген,
Санасына салмақты құйған ілім.
Ендеше көрінбейік жәй қатардан,
Қызыл тіл бұлбұлдайын сайра
таңнан.
Ассалаумағалейкум сәлем
бердім,
Қазаққа қара сөзден қайрат алған.
Төрт ақынды финалға алып
шықты,
Бөлгендей бөрі келіп қойды
отардан.
Сыр елі жырдың елі қай
заманнан,
Тектіліктің тамшысы бойға
тамған.
Онлайн айтыстырып ақындарды,
Озғаны мәре қиып ойлы атанған.
“Ақмешіт жастарына” мың рақмет,
Айтыстың абыройын айға
апарған.
Сен едің бұл айтыстың сұр
жебесі,
Жыр жаттап жас күнінен кірген
есі.
Ұлды болған ағаңды айтып өттің ,
Артта қалған бағынған бір белесі.
Сенен сол күн сүйінші сұрап едім,
Бұл баланың болмады мүлде
қошы.
Үндемей із суытып інім кетті,
Үлде мен бүлде болған күнде
кеші.
Бүгін мүмкін қамданып келді ме
екен,
Теңіздей көңілінің жыр кемесі.
Сүлейлердің сарқыты емес пе
еді,
Сүйіншіге бар шығар бірдеңесі.
Динар Рахман:
Өмірдің енді ашқан ақ парағын,
Сәбидің оңғарса екен
бақ-талабын.
Сәті түсіп сүйіншісін сұрап
жатсың,
Белгілі еді мұндайға тап боларым.
Құттықтап жатқанымда біліп едім,
Шыңғыстың бірдеңені дөп
табарын.
Сүйіншіні ауылға барып
табыстаймын,
Жоқ еді салт-дәстүрден
аттағаным.
Жыр сұрасаң ауылыңда жыр
төгейін,
Рас болса жастайымнан
жаттағаным.
Сүйіншісін ағасы уайымдама,
Менің оған көп еді сақтағаным.
Есімін ерендердің тез жаттармын,
Тарихтың тереңінен сөзді
ақтардым.
Егемен ел болам деп бас көтеріп,
Кешегі ұлттың көшін қозғалтқан
кім?
Ағайын біздер үшін бұл
желтоқсан,
Қайрат, Ербол намыс отын
маздатқан күн.
Шәймерденов және де Жұбан
болып,
Колбинге қарсы пікір сөзді ап
бардым.
Шындық айтқан Шахановты кім
білмейді,
Мәселені Москваға қозғап
бардың.
Ерлігін ұмытпайық егемен қып,
Бодандықтан босатқан
боздақтардың.
Сен туралы менің де тергенім көп,
Футболда сені ұтып көргенім жоқ.
Басқаны қайдам өз басым мына
сені,
Балалы болды дегенге сенгенім
жоқ.
Балалы боп жүрсің өзің бала
болып,
Жеңісті мына маған бергенің жоқ.
Екі қолың джостикте футбол
ойнап,
Қалаға келе қалсаң ермегің көп.
Шыңғыс Құдайберген:
Сөздерің сараңдықтың күйі іспетті,
Динардың дейін қашан миы
істепті.
Айтыста аяқдопты әңгіме қып,
Айтар сөзі қақпадан қиыс кетті.
Сүйіншіңді ағасы қатырам деп ,
Сөзі мен ісі мүлде түйіспепті.
Еліміз етек жайып жанданғанда,
Ертерек еркіндікке қамданғанда.
Қаншама боздақтарым қыршын
кетті,
Жұртым деп жан аямай барған
жауға.
Желтоқсанның қырғыны әлі күнге,
Жазылмайтын жарақат салған
жанға.
Қазағым Аллаға шүкір аман-есен,
Қаз-қаз басып жетуде
армандарға.
Барлық қазақ баласы
қарыздармыз,
Ел үшін ту көтерген тарландарға.
Отаным отар болып кетпесін деп,
Орысқа қарсы шыққан
оғландарға.
Ендеше аламанда қалыс қалмай,
Жүйіткі Динар інім қарыс маңдай.
Мен өзіңе бір сұрақ жасырайын,
Айтыстың талабы мен
танысқандай.
Танымал текті туған бабамыз
бар,
Мақтанып айтатұғын
намыстанбай.
Мәскеуде білім алып жұмыс
жасап,
Біліммен сусындапты алыстан
бай.
Алаштың ертеңі үшін еміреніп,
Арыстар мен бәріне
барысқандай.
Медицина тарихты бірге қамтып,
Жүзіпті кездессе де ағыс қандай.
“Бұл қазақ көккөздердің отары
емес”,
Деп айтты күш келсе де орыстан
қай.
Осыдан соң қара бұлт үйіріліп,
Басынан аяқ асты бақ ұшқандай.
Қазақстан тәуелсіз ел болған
кезде,
Атын мәшһүр етіп
атсалысқандай.
Есіміне университет атын берді,
Өр бабамыз жұрты мен
қауышқандай.
Талаптансаң табарсың Динар
інім,
Сұрағыма сақ қарап
сауысқандай.
Журналис, жырау ақын біле ме
екен?
Алашшыл бабамызды
арыстандай.
Динар Рахман:
Жұмбақ қойып жатқаның жөн іс
болад,
Бермеймін мына саған қалыс
жауап.
Алаштың ардақтысы
Асфендияров,
Қалайша ізгілерден қалыс қалад.
Атамыздың атында универ бар,
Өзгелер түсе алмайтын таныс
қарап.
Баулиды жастарымды тек
ғылымға,
Әйтпесе қазірде адам көп іске
олақ.
Келтіріп кәлимаға тілді әуелден,
Берейін жауабыңды жылдам
әнмен.
Жұмбақ қойып жатырмыз
арыстардан,
Тарихты ашып алып құмға
көмген.
1886, Наурыз айы, дүниеге
Алаш елі мақтанар тұлға келген.
Мен мына сол атамды мақтан
етем,
Ештеңем жоқ жер менен руға
бөлген.
Ол кісі Алашқа ортақ алып тұлға,
Ешкім де таласа алмас бұл
дәлелмен.
Жұмбағымның жауабы біле
білсең
Алаш орда көсемі туған жерден.
Шыңғыс Құдайберген:
Түйдектеп Динар інім толғағанды,
Жұмбағын бізге қарай
жолдағанды.
Алаштың нар тұлғасын өлең
қылдың,
Болған соң терең тарих онда
мәнді.
Әлихан Бөкейханов емес пе еді,
Сынаған сол кездегі тар қоғамды.
Шешіліп шешендікті көрсеткенде,
Лениннің лепіргені жолда қалды.
Қазағым ешқашанда ұмытпайды,
Алашым деп алысқан арлы
адамды.
Тек қана қарабастың қамын
жемей,
Ұлт үшін жанын қиған өр
бабамды.
Жырыңның иісіне аңқып алаң,
Жан қалмасын сөзіңе
балқымаған.
Осымен біз айтысты аяқтайық,
Болсын тек ел-жұртымыз жалпым
аман.
Динардай ізетті інім сенде есен
бол,
Қарсыласса кезі жоқ қалтыраған.
Әкенің ізін қуып өскен ұлсың,
Сақтай бер қазақылық салтын
аман.
Сұлтанмахмұт секілді күн бола
бер,
Алаштың аспанында жарқыраған.
Динар Рахман:
Қыран құс көкте самғап
қалықтасын,
Айтудан ақын жүрек жалықпасын.
Шыңғыс бауырым осымен қош
аман бол,
Көңілің тұманданып қамықпасын.
“Ақмешіт жастары” ауылымызда,
Басқадан дәрежесі анық басым.
Соңғы кезде газеттер оқылмайды,
Деген пікір әрине халыққа сын.
Олай болса,сөзімді түйіндейін,
Болсын деп оқырманда парық
басым.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!