Бастама көтерген жақсы. Қолдау тапса, тіпті керемет. Бұл сөзімізге мектеп оқушыларының челлендж жолдаудағы белсенділіктері дәлел.
Бұған дейін жетінші сынып оқушылары ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертсе, енді жоғары сыныптағылар лиро-эпостық жырларды жаттауды қолға алды.
Оқушылар махаббат символына айналған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын бастапты.
Тарихи деректерге сүйенсек, қос ғашық шамамен XII-XIII ғасырларда ғұмыр кешкен. Екеуі махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға тап болады. Алайда өмірлерінің соңына дейін бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген.
Еламан АЛМАТҰЛЫ,
№189 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!