Kyzylorda-news.kz.  Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды.

Жаңа қаулыда соңғы 14 күнде Қазақстанға келген және Мальдив аралына барып-қайтқан адамдар 14 күн бойы үйде оқшауланатыны (үй карантині) атап көрсетілген.

«Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарсы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі. Соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күн бойы медициналық бақылауды қамтамасыз етсін», – делінген құжатта.

Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі осы қаулыға сәйкес, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына соңғы 14 күн ішінде Қазақстанға келген және Мальдив аралына барған адамдардың тізімдерін ұсынуы тиіс.

Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына Қазақстанға келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдардың тізімдерін ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті.

Қаулы 2021 жылғы 17 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінімен мына сілтемеге өтіп таныса аласыз.

Айта кетейік, бұған дейін Мальдив аралдарында коронавирус жағдайының өршуіне байланысты коменданттық сағат енгізілген болатын. Ал Air Astana әуе компаниясы бұл елге тікелей рейстерді тоқтатты.

Sputnik Қазақстан

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!