Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров қаңтар оқиғасының қайталанбауы үшін заң мен тәртіп қажет екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Әлемдік банкінің» есебі бойынша, Қазақстан халқының 15-% кедей санатында.  30-жылдың ішінде «Мемлекеті бай, халқы кедей» қоғамға айналдық. Халық саясаттан шектетілді. Ескі жүйенің «әлеуметтік әділетсіздік» фактілері, халықты саясаттан шектету тенденциясы мемлекетті,  қоғамды, жұртты «Қасіретті қаңтарға» итермеледі, жақындатты”, – деді Ерлан Сайыров. 

Депутат Қаңтар оқиғасының қайталанбауы үшін заң мен тәртіп қажет екенін айтты. 

«Қасіретті Қаңтар» тәрізді трагедия қайталанбауы тиіс! Мұндай ұлттық эксцесстер ата-бабамыз жүздеген жыл аңсаған Тәуелсіздікке орасан зор зиян тигізеді. Не істеу керек? Бізге заң мен тәртіп қажет! Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз, құтты мекеніміз жоқ! Бауыржан Момышұлы «тәртіпке бағынған халық құл болмайды» деп бекер айтпаған. Мен сөзімнің басында Қазақстандағы кедейлер саны жөнінде айттым, «аш бала тоқ баламен ойнамайды» еліміздегі кедейшілікті жоя отырып, әсіре байлардың да тәбетін азайту ең басты міндеттердің бірі”, – деді Ерлан Сайыров.

Депутат Президенттің сайлауалды бағдарламасында халықты кедейліктің «шынжырынан» табанды түрде шығару, халықтың әл-ауқатын нақты өсірудің жолдары нақтыланып, қарастырылғанын атап өтті. 

“Ауылды жерлерде халыққа үй шаруашылықтарын дамыту үшін 1 млн адамды қамтитын 1 трлн теңге бөлінеді. Алдағы жеті жылда 111 млн текше метр үй салынып, 3,3 млн адам жұмыспен қамтылуы тиіс. Бұл мәселені Үкімет сапалы, жүйелі, адамгершілік тұрғысынан орындауы тиіс! !” – деді депутат Ерлан Сайыров. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!