Фото: Pixabay.com

Абай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеру фактілері анықталды, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Аягөз ауданының прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу саласындағы заңнаманың сақталуына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмысына талдау жүргізді.

Анықталғандай, мұндай 31 тауар түрінің 10 позициясы бойынша кәсіпкерлер өнімдерді шекті бағадан жоғары бағамен сатқан. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті бақылау қамтамасыз етілмеген.

Аудан прокуратурасының қабылдаған шаралары нәтижесінде бағаны тұрақтандыру жұмыстары жанданды, мониторинг күшейтілді, кәсіпкерлермен тауар бағасын негізсіз көтермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, дүкендердің бірімен өнімдерді шекті бағадан 10–15% төмен бағамен сату туралы келісімге қол жеткізілді.

Үш дүкен иесі белгіленген бағадан 15%-дан астам асырып сатқандығы үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!