«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалы, облыстық ТЖ департаментімен бірлесіп «Таза Қазақстан» экоакциясы  аясында әлеуметтік бейнеролик көрсетті.

Іс-шара мақсаты – келеңсіз жағдайлардың алдын-алу және қала тұрғындарының қауіпсізігін қамтамасыз ету болып табылады. Қала тұрғындарымен қонақтарына су мен өрт қауіпсіздігі жайында арнайы әлеуметтік бейнероликтер арқылы ақпарат беру, қала тазалығын сақтауға шақыру.

«Aray  City Mall» ойын сауық орталығының «KINOPLEXХ» кино көрсетілім залында су мен өрт қауіпсіздігі жайында арнайы әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, киномендерге арнайы үнпарақтар таратылды.

Сондай-ақ, жағажай мен адам көп шоғырланатын аймақтарды таза ұстау жөніндегі және қауіпсіздік шаралары жайында үнпарақтар таратылды. Бұлқала тазалығын сақтау мақсатында бағытталған іс-шараның бірі.

Әлеуметтік бейнеролик көрсетілді

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!