Кеше “Байқоңыр”Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы” Акционерлік қоғамының басқарма мамандарымен әлеуметтік дүкендердегі өнімдердің бағаларына қоғамдық бақылау жүргізілді.

Қоғамдық бақылауды облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Айткүл Шалғынбаева, ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент жанындағы Облыстық арнайы мониторинг тобының мүшесі Майра Боранбаева, Азаматтық Альянс қызметкері Гүлзира Әбдірашитова, облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Сымбат Бимаганбетова және “Асыл Мұра-Орда” қоғамдық қорының директоры Айжан Айтмамбетова жүргізді.

Әлеуметтік дүкендердің жұмысын бақылауда

Әлеуметтік дүкен -“Байқоңыр”Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ-ның қаржылай бөлінісі аясында барлық топтағы азаматтарды азық-түлікпен толықтай қамтамасыз ету үшін  жасалған арнайы жоба. Қала тұрғындарының өтініші бойынша дүкендер уақытылы жұмыс жасауын және де азық-түлік өнімдері бойынша атаулары мен бағалары бағанада нақты жазылуы қаралды, одан бөлек ең қажеті мәселе әжетхана болуы, яғни әлеуметтік дүкендердің қызметкерлеріне әжетхана болуы туралы ұсыныс жасалды.

Әлеуметтік дүкендердің жұмысын бақылауда

Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып  қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды  дамыту» әлеуметтік жобасының аясында“Асыл Мұра-Орда” қоғамдық қоры ұйымдастырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!