Мәжілісте депутат Еділ Жаңбыршин осындай мәселе көтеріп, кабмин мүшелеріне сұрақ қойды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Барлық кездесуде халықтың көтерген мәселесі – азық-түлік бағасының өсуі. Өткен айдың бір аптасының ішінде кейбір өңірлерде азық-түлік бағасының өсімі жылдық көрсеткіштің 36-47 пайызға дейінгі деңгейін көрсетіп отыр. Статтситкаилық деректер бойынша қазақстандықтар өз табысының жартысынан көбін алық-түлік алуға жұмсайды екен. Ал біздің азаматтардың еңбекақысының өсу деңгейі әлеуметтік маңызы бар тамақтар бағасының өсу деңгейіне ілесе алмай отыр. Осыған байланысты министрлік елдің азық-түлік балансын әзірледі ме? Кәсіпкерлер мен бюджет есебінен баға ұстап тұру мүмкін болмаса бағаны қалай реттеуге болады?» – деді Еділ Жаңбыршин.
Бұл сұраққа жауап берген Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түліктің қымбаттауына сыртқы факторлар қатты ықпал етіп отырғанын, оны бұған дейін әріптесі Ералы Тоғжанов та айтқанын мәлім етті.
«Геосаяси жағдай бүкіл әлемдегі бағалардың өсуіне ықпал етіп отыр. Халықаралық азық-түлік және ауыл шаруашылығы деректері бойынша баға 20 пайызға өскен. Еуропадағы ірі экномикалардың өзі 5,7 пайызға өскен. Көршілес елдерде қымбатшшылық өсімі 15 пайызға жетті. Барлығы бізге де инфляцияныың инпортына әкелді. Бұдан басқа геосаяси жағдайды көріп отырсыздар. Бір айдың ішінде ұлттық валютаның да бағамына тікелей әсер етті. Құбылмалылықтың салдарынан теңге 18 пайызға арзандады. Бұл да импортпен бірге бағаның өсуіне әсер етті. Ішкі факторлар да бар», – деді ол
Бақыт Сұлтановтың айтуынша, тиісті кешенді жоспарлар қабылданған. Импортқа тәуелді 6 тауар бойынша инвестициялдық жоба іске асырылуда. Жыл ішінде бұл тәуелділікті төмендетуге тиісті шаралар қабыланбақ.
«Баға туралы айтар болсақ, ішкі баланс нақты бақылауда. 19 әлеуметітк маңызы бар тауарлардың қоры 1 млн тонна құрайды. Желтоқсанда 2 млн тонна болған. Көктемге дейін бұл төмендейді. Бірақ импорт мен экспорт жағынан шектеулер қойылды. Көршілес елдерден импорттау мәселелері де қарастырылып жатыр. Қазір жергілікті атқарушы органдарға да тиісті тапсырма берілген», – деп түйді Сұлтанов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!