1 наурыз – Алғыс айту күніне орай филиалдың барлық аудандық бөлімдерінде қызметалушыларға алғыс білдіріліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Сондай-ақ, Отбасы орталығында арнайы мерекелік шара ұйымдастырылып, салтанатты түрде зейнеткерлік куәлік пен туу туралы куәлік алушыларға алғыс хаттар табысталды.
Осындай игі істер арқылы біз бірлігімізді нығайтып, халыққа қызмет көрсетудің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсеттік. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың артуына әрқайсымыз өз үлесімізді қоса берейік!
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!