Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ауылды қалай көркейтуге болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз ауылға барып, тұрғындардың жағдайын өз көзімізбен көріп келдік. Енді халықтың жағдайын жасамасақ, ол ушыға береді. Сондықтан Үкімет пен халықтың ортасындағы дәнекер ретінде көптеген мәселенің шешілуіне атсалысамыз, – деді депутат Мәжілістің кулуарында.
Ардақ Назаров жетінші сессияда көтерген кейбір мәселелеріне Үкіметтен жауап ала алмағанын айтты.
«ЛГБТ» жөнінде жауап ала алмадым. Ал малшылар бойынша жауап әлі келген жоқ. Ол өте жақсы жоба. Өйткені ауылды көтеріміз, аулдың жағдайын жасаймыз деп жиі айтып жүрміз. Ауылды қалай көтереміз? Ауылдың жағдайын жасау үшін алдымен малы бар адамның жағдайын жасау қажет. Олардың денсаулығына қарау керек. Сондай-ақ мемлекеттен тиісті көмек берілуі керек. Сол кезде ғана ауылымыз көркейеді. Ауыл көркейсе, қала көркейеді. Бірақ бұл сауалдың жауабы келмеді, – деп айтты Назаров.
Мәжілісмен жолға қатысты сауалына тиісті жауабын алғанын айтып, биыл 15 шақырым жол, келесі жылы 80 шақырым жол салынады.
Бұған дейін депутат Ардақ Назаров 25 жыл тоқтаусыз мал баққан адамды зейнетке ерте шығаруды ұсынып, Үкіметке сауал жолдаған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!