Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығы және Eurasian Resources Group-пен бірлесіп, «Жастарды жұмысқа орналастыру» бірлескен жобасын іске қосты.
Жоба аясында 35 жасқа дейінгі 10 мың адамға жұмыс орындарын ұсынбақ.
Биыл мамырдан бастап «Enbek.kz» электронды еңбек биржасында кез келген адам ERG компаниялар тобынан жұмыс таба алады.
Жұмыс іздеушілер Enbek.kz арқылы ERG компанияларынан бос жұмыс орындарын біле алады.
Жоба іске қосылғаннан бері әртүрлі мамандықтар бойынша 346 бос жұмыс орны орналастырылды. Олардың арасында техникалық немесе медициналық біліктілікті қажет ететін және арнайы білімі жоқ адамдарға арналған бос жұмыс орындары да бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!