2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік көмек ақшалай берілетін болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазір Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардағы балаларға ай сайын азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтықтары беріледі. Оның ішіне балаларға арналған пюре мен печенье, пастерленген сүт, май, бал және тағы басқа да тағамдар кіреді.

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуынша, биылғы 9 айда осындай азық-түлік жиынтықтарын 178,4 мың отбасы алған. Бұл іске 16,7 миллиард теңге кеткен.

Ал енді жаңа жылдан бастап тамақтың орнына балаларға ай сайын 5 мың теңге (1,5 АЕК) көмек беріліп отырады.

Жаңа жылдан бастап бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. Елімізде бала туған кезде бер рет, сондай-ақ ай сайын бала күтіміне жәрдемақы беріледі. Көпбалалы және жағдайы қиын отбасыларға АӘК төленеді,

— дейді Премьер-министр.

Бұған дейін бала күтіміне арналған жәрдемақыны 3 жасқа дейін беру ұсынылған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!