Біз 2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институтционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз. Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті.

Мемлекет басшысы еліміздің стратегиялық бағдары айқын екенін атап өтті.

«Мақсатымыз – озық дамыған елдердің қатарына қосылу. Дамыған ел дегенеміз – ең алдымен, дені сау, білімді жұрт. Сондықтан мемлекеттің басты міндеті – азаматтарымыздың толыққанды дамуына, әл-ауқатының артуына және жайлы тұрмысына жағдай жасау. Біз 2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институтционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз. Еліміздің ұзақ мерзімді дамуы – сабақтастық, әділдік және өрлеу қағидаттарына негізделеді. Көздеген мақсатқа жету үшін барлық салаларда дәйекті өзгерістер жасаймыз», – деді Президент.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!