фото: Артем Чурсинов – архив
Бас прокуратура Ресейге баратын қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «гармала» («адыраспан») өсімдігі құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілген.
Бұл өсімдікті Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және бір миллион рубльге дейінгі немесе сотталған адамның бес жылға дейінгі кезеңде жалақысы немесе басқа кірісі мөлшерінде айыппұл түрінде немесе онсыз және бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе онсыз қылмыстық жауаптылық қарастырылған, ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген, – делінген хабарламада.
Ресей Федерациясының аумағына демалыс кезінде кететін азаматтар санының артуына байланысты, қылмыстық жауапкершілікті болдырмау үшін Бас прокуратура азаматтарға аталған өсімдікті Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуден бас тартуды ескертеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!