Тұрғын үй нарығына 20 жыл бұрынғы салық қайта енгізілмек. Мәселе қосымша құн салығы жайында болып тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сарапшылар бұл жүктеме енгізілсе, құрылыс саласында өзгерістер болатынын айтып отыр.

Осыдан 20 шақты жыл бұрын алынып тасталған салық, қайта оралады. Осылайша салық реформасы құрылыс саласын өзгеріске ұшыратпақ.

Сарапшылар баға өсетіні сөзсіз екенін айтады. Құны көтерілген соң баға төмендейді. Сондай-ақ эконом және комфорт-класс тұрғын үйлер қысқарады. Ал құрылыс қарқыны төмендеген соң баға көтеріле береді.

Біз тұрғын үй сатқан кезде ҚҚС (НДС) төлемейтін едік. Енді жаңа Салық кодексінде ҚҚС енгізіледі. Бұл жерде қарапайым халық зардап шегуі мүмкін. Себебі құрылыс компаниялары міндетті түрде 12-15%-ын қосады. Яғни үйдің бағасына міндетті түрде осы көлем қосылады, – дейді салық сарапшысы Жанар Қожабаева.

Дегенмен 2001 жылдан бері құрылыс компаниялары қосымша құн салығынан босатылса да, баспана бағасы арзандаған емес. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2001 жылы 1 шаршы метр 23 теңге болса, 2005 жылы 92 мың теңгеге көтерілген, 2010 жылы 143 мың теңге, 2015 жылы 257 мың теңге, 2020 жылы 307 мың теңге, ал 2023 жылы 494 мың теңгеден саудаланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!