Алматы қаласы Полиция департаменті полиция бастығы ұлының үйлену тойынан тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Видеоны Facebook парақшасында журналист Михаил Козачков жариялаған. Айтуынша, видео авторы той иесі полиция бастығы екенін хабарлаған.
Желіде тараған видеода әртүрлі парақшаларда салынған той үзінділері жинақталған. Онда 400 қонақ пен 40 әнші қатысқаны айтылған. Ұлан-асыр тойда бағалы сыйлықтар ойнатылған. Той тартуларының арасында бензин құюға арналған талондар да бар.
Алматы қаласы Полиция департаменті той иесінің кім екенін айтпады, тек тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.
«Жоғарыда аталған автордың дәлелдері негізінде видео қызметтік тергеу аясында мұқият тексеріліп жатыр. Қызметтік тәртіпті бұзған жағдайда полиция қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданылады»,– деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!