Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы мамырдағы тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мен алып-сатулар туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2025 жылғы мамыр айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 33 986 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша – 7 745 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша – 26 241 мәміле жасалды. 2025 жылдың сәуірімен салыстырғанда (36 839) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 7,7% азайған. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 161 – 21,1%) және Астана (6 077 – 17,9%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 654 – 7,8%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 312 мәміле (0,9%).
2025 жылдың сәуірімен салыстырғанда мамырда мәмілелер санының ең көп өсімі Абай (+11,4%) облысында және Алматы (+2%) қаласында тіркелді. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Ұлытау (-31,3%), Шығыс Қазақстан (-18%) және Атырау (-17,8%) облыстарында болды.
2025 жылдың сәуірімен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 8,5% (2 423 мәмілеге) азайды. Мамырда пәтерлер бойынша барлығы 26 241 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,2%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (25,1%), Астана (22,6%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,9%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың мамыр айында олар бойынша 10 168 мәміле ресімделген.
2025 жылдың сәуір айымен салыстырғанда мамырда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 5,3% (430 мәмілеге) азайды. Мамырда барлығы 7 745 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Қарағанды (+18,3%), Жамбыл (+10,6%) және Алматы (+7,1%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Ұлытау (-27,6%) және Жетісу (-24,7%), Қызылорда (-24,1%) облыстарында.
2025 жылғы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті аймен салыстырғанда 9,4% көбейген, ол кезде 31 071 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Алматы облысында (45,3%) байқалды, ең үлкен төмендеу – Атырау облысында (14%). 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғандағы өсім – 5%.
.png)
.png)
Бір жылда (2025 жылғы мамыр 2024 жылғы мамырға) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 8,7%, қолданыстағы пәтерлердікі 6,3% жоғарылады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 9,4% өсті.
Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында жылдық мәнде баға Павлодар қаласында – 22,6%, Алматы қаласында – 12,7% едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға Ақтөбе (17,6%), Павлодар (13,3%), Алматы (12,9%) қалаларында айтарлықтай өскен (12,7%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында өсім Ақтөбе (27,6%), Семей (22,2%), Көкшетау (21,6%) және Астана (21,5%) қалаларында байқалған.
Бір айдың ішінде (2025 жылғы мамыр 2025 жылғы сәуірге) жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,7% жоғарыласа, пәтерлерді қайта сату 0,3% төмендеген. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі бір айдың ішінде 1,4% арзандаған. |
.png)
Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктелген байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және алдын ала таза әрленгендегі бағасы ескеріледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!