Қызылорда облысында «Біз өмірді қалаймыз!» тақырыбында үгіт-насихат бригадалары арасында есірткіге қарсы сайыс өткізілді.
Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы. Қазылар алқасының құрамына полиция қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді.
Сайыстың негізгі мақсаты — оқушылар мен студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың сахналық мәдениетін арттыру, сондай-ақ жастар арасында есірткіге қарсы теріс көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Қатысушылар ұзақтығы бір минутқа дейінгі үгіт бригадаларының бейнеқойылымдарын ұсынып, онда үгіт жұмытары, театрландырылған көріністер, ән мен би арқылы нашақорлықтың алдын алу тақырыбын ашты.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: І орын – Қазалы ауданы №225 орта мектеп, М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі, Шиелі ауданы №41 орта мектеп, Жаңақорған ауданы №184 орта мектеп, Қазалы ауданы №266 мектеп-лицей; ІІ орын – Арал ауданы №292 орта мектеп, Қармақшы ауданы №26 орта мектеп, Сырдария ауданы №36 мектеп-лицей, №126 орта мектеп, Жаңақорған ауданы №239 орта мектеп; ІІІ орын – Жалағаш ауданы №34 орта мектеп, Сырдария ауданы №№210, 131, 174 орта мектеп, Жаңақорған ауданы №247 орта мектеп.
Аталған сайыс жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!