Полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубек ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«23 мамырында Антикоррупциялық қызмет 1963 жылы туған полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұстады. 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған. Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін «К» азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деп күдіктелуде», – делінген агенттік хабарламасында.

Халықұлы ұсталып, Алматы қаласы уақытша ұстау орталығына қамауға алынды. Тергеу мүддесінде өзге деректер жария етілмейді.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!