Өткен тәулікте Қазақстанда 2054 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, оның ішінде Алматыда 572, Нұр-Сұлтанда 476 науқас тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия «қызыл» аймақ туралы жаңа мәліметті жариялады.

2021 жылдың 4 сәуіріндегі ақпарат бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы:

  • «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары.
  • «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола және Қарағанды ​​облыстары.
  • «Жасыл» аймақта – қалған өңірлер.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2054 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, оның ішінде Алматыда 572, Нұр-Сұлтанда 476 науқас тіркелді.  

sputnik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!