Саясаттанушы Андрей Чеботарев “теңге бағамы қалпына келсе де, неге баға қалпына келмей жатыр” деген сұраққа жауап берді.
Теңге соғысқа дейінгі деңгейіне қайта оралды, бірақ оған дейін көтерілген бағалар төмендемегені белгілі. Саясаттанушы неге олай екенін түсіндіріп берді.
“Менен әрқашан “бағалар неге түспейді” деп сұрайды. Іс жүзінде бәрі өте қарапайым — кәсіпкерлер де біз сияқты адамдар. Біріншіден, теңгеге деген сенімнің деңгейі төмен, валюта бағамы бірқалыпты ұзақ тұрмайды және әркез одан сайын әлсіреп отырады. Өйткені «әрқашан теңге өз құнын жоғалтатыны белгілі» деген ой қалыптасқан (дегенмен бұл шындық емес 2016 жыл мен 2018 жыл аралығында теңге бағамы нығайды)”, – дейді Андрей Чеботарев Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, екіншіден, психологияда бағаларды тікелей төмендету бірден оңай емес екені туралы түсінік қалыптасып қалған.
“Үлкен маржа, жалақының өсуіне уәде беру және тағы басқалар қазірдің өзінде айтылып, жоспарланған. Ірі электроника дүкендеріндегі акциялар бұл жағдайға түрлі қарайды. Наурызда, курс өскен кезде барлық дерлік акциялар күшін жойды, бүгін олар қайта оралып: «Біз супер бағаларды тағы да қостық!», деп жазды дүкендердің бірі. Сондықтан да курстың дүрлікпе өсуіне жол бермеу маңызды, теңгеге деген сенімнің төмендігінен бағаны кері қайтару бағамға қарағанда әлдеқайда күрделі болады”, – дейді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!