Sputnik. Сарапшылар Қазақстан және ЕАЭО-ның басқа да елдеріндегі ең төменгі жалақыны салыстырып көрді.

Қазіргі кезде теңгеге шаққанда ең төменгі жалақының ең көп мөлшері Ресейде тіркелген – 150 123 теңге (22 400 рубль).

Одан кейін Беларусь тұр. Ол жақта ең төменгі жалақы 115 991 теңгені құрайды.

Үшінші орында – Армения. Кавказ елінде 106 203 теңгенің минималды жалақысы белгіленген.

Қазақстанда 85 000 теңге, ал Қырғызстанда 17 662 теңгенің минималды жалақысы бекітілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!