Қазалы қаласындағы №66 учаскеде “Ғибрат әжелер” ансамблі республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Ақ жаулықты аналарымыз ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Олар жас ұрпаққа өнеге болып, ел тағдырына жауапкершілікпен қараудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!