Фото: видеодан скрин
Желіде белсенділік танытып, TikTok жұлдызына айналған Талғар әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы көпшіліктің назарына ілікті. Ол желі арқылы тұрғындардың мәселе айтқан хаттарына кез келген жерде: жұмыс бөлмесінде, үйінде тіпті көлікте келе жатып видео арқылы жекелей жауап береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәселен әкімге Марс есімді қолданушылардың бірі көшенің лас екеніне шағымданған.
«Марс, келе жатырмын. Күтіп ал! Үйдесің бе, шық! Қазір Левитана көшесіне келеміз. 5 минутта боламын», – деп жауап береді көлікте келе жатқан әкім.
Кейін сол көшеге келген соң да әкім Марсқа видео жолдаған.
«Марс сенің көшеңе келіп тұрмын. Көшенің ағашын, тазалығын көріп отырмын. Азиза өткенде су мәселесін айтып еді. Енді сенің уақытың болғанда тағы келеміз, жарай ма», — деп уәде берді Әбілқайырұлы.
Қазірдің өзінде әкімге 16 мың адам жазылған. Ал кейбір видеоларының қаралымы 300 мыңға жетеді.
“Мұндай әкімдер бар ма, бұл өмірде?”, “Қандай күшті әкім”, “Хит әкім болайын деп тұр”, “Мына әкім нағыз іскер”, “Өзгелер үлгі алсын”, “Заманауи әкім осындай болуы керек”, – деп пікір қалдырды қазақстандықтар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!