Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, көлеңкелі экспорт сұйылтылған газ бағасын қымбаттатуы мүмкін.
«Мемлекеттік органдар тарапынан бөлшек сауда бағасын реттеу тетігінің болмауына байланысты сұйылтылған газ бағасының өсуі мүмкін. Негізгі себептің бірі – көлеңкелі экспорт. Бұл кейіннен газдың жетіспеуіне және бағаның негізсіз өсуіне алып келеді. Бүгінде министрліктің ішкі нарықтағы сұйылтылған мұнай газының айналымы мен көлеңкелі экспортқа жедел мониторинг жүргізуге өкілеттігі жоқ», – деді министр.
Министр қымбатшылықтың алдын алу үшін бірнеше шара қабылданып жатқанын да айтты. Атап айтқанда:
– көлікке ілеспе жүк құжаттарын ресімдеуге міндетті тауарлар тізбесіне сұйылтылған мұнай газын енгізу;
– Қазақстан аумағында автогаз құю стансаларына бақылау-кассалық машиналардың болуына қойылатын талаптарды күшейту;
– Энергетика министрлігіне фискалды деректер операторына және сұйылтылған мұнай газын тасымалдайтын көліктердің ілеспе жүк құжаттарына қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік жасау.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!