Павлодарда қалалық қаржы бөлімінің бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Әйел сыбайластарымен бірге кезекте тұрғандарға арналған екі пәтер мен жатақханадағы бір бөлмені сатып, 18 миллион теңге табысқа кенелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Іс материалдарына сәйкес, 36 жастағы әйел қаржы бөлімінің тұрғын үйді жалдау және жекешелендіру секторының бас маманы қызметін атқара жүріп, бос пәтерлерді тауып, жалған жекешелендіру келісім-шарттарын жасап, оларды ресми түрде мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқығы бар үміткерлерге ресімдеген.
Оның сыбайластары – екі заңгер жалған азаматтарды тауып отырған. Олар Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен зейнеткерлер мен зардап шеккен арасынан болған. Тұруға арналмған пәтерлер алаяқтық жолмен жекешелендіріліп, жаңа иелеріне тіркеліп, кейін нарық бағасының екі есе төмен бағада сатылып отырған.
Сотта экс-шенеунік іс бойынша куәгерлер мен айыпталушылардың өзіне жала жапқанын айтып, өз кінәсін мойындамады. Алайда әйелдің сыбайластары кінәсін өздері мойындап келген.
«Сотталушы өз кінәсін толық мойындамағанына қарамастан, сот оның кінәсін негізгі сот талқылауы барысында зерттелген дәлелдемелермен толық расталған деп санайды», – делінген сот үкімінде.
Павлодар қаласының №2 соты Павлодар қаласы қаржы бөлімінің бұрынғы қызметкерін бір топ адаммен алдын ала ауыз жаласу арқылы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті бола тұра өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны, жалған құжаттарды жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сондай-ақ, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына бас бостандығынан айырумен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Айта кетейік, үкім жарияланған соң бірден экс шенеунік қамауға алынды. Әйел жазасын орта қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейтін болады.
Тағы екі сотталушы 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Сот олардың шын жүректен өкінуін, кінәсін мойындауын, тергеуге көмектесуін және кішкентай балаларының болғанын ескерген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!