Өңірімізде мемлекеттік қызметшілердің 46 пайызы нәзік жандар екен. Олардың қатарында 14 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері бар. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Оразбаева Айнур Жалғасбекқызы Қызылорда облысы Әділет департаментінің филиалы «Қызылорда қаласының 2 сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің» мемлекеттік сот орындаушысы.
Ол 2008 жылы жолдасы Таңатпен отбасын құрып, қазіргі таңда көп балалы отбасылардың қатарында. 2022 жылы «Күміс алқа» орденімен наградталды.
Айнұр Жалғасбекқызы алғаш еңбек жолын 2004 жылы Қызылорда облысының Соттар әкімшісінің іс тіркеушісі қызметінен бастап, 2006 жылы ақпан айында Қызылорда облысының Соттар әкімшісінің сот орындаушысы қызметіне тағайындалды.
Сот орындаушы ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңында көзделген атқарушылық әрекеттерді жасауға міндетті.
Қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл мамандық жаңылыспауды, сот актілерін орындауда Заң талаптарын бұлжытпай орындауды қажет етеді. Сондай-ақ, мемелекеттік қызметті атқару үлкен жауаптылықты талап етеді.
Айнұр ұжымда түрлі спорттық мәдени іс шараларға қатысады.
2022 ҚР Мелекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылған «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсына қатысты.
Жұмыс барысында ҚР Әділет Министрінің грамотасымен, Әділет органдарының үздігі төсбелгісімен, ҚР Мелекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының, Қызылорда қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Қазақта «әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген әдемі қанатты сөзі бар. Нәзік жанды әріптесіміз аймақтың дамуына елеулі еңбек етіп жүрген өнегелі ана, аяулы жар. Оған дәлел балаларының мектепаралық сайыстардағы жетістіктері, спорттық сайыстарда жүлделі орын алуы, үздік оқушы ретінде алған мақтау қағаздары.
Көпбалалы отбасы – береке мен бірліктің үйлескен жері десек қателеспейміз. Оған қоса, нәзік жанды аруымыздың мемлекеттік қызметпен қатар үй жұмысы мен бала тәрбиесіне көңіл бөліп, ел демографисына үлкен үлес қосуы ерліктің де ерлігі деп білеміз. Қызылорда облысының Әлілет департмментінің баспасөз хатшысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!