фото: коллаж BAQ.KZ
Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифтері өскен жағдайда аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үй көмегі қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Бізде заңнамада тұрғын үй көмегі реттелген. Егер тарифтер өссе, адамдардың табысы жетпесе, отбасының табысы есептеледі. Егер коммуналдық қызмет шығындары ай сайын (жалақыдан – ред.) асса, түрлі өңіерде барлық артық шығын жергілікті бюджет есебінен қарастырылады. Кейбір өңірлерде – 10%, ал кейбір өңірлерде – 5%. Былайша айтқанда, Астанада көбірек, Қызылордада – 5-7%. Отбасы табысының 10%‑нан асатын коммуналдық шығындар мемлекет есебінен төленуге тиіс. Олардың механизмдері жергілікті бюджеттер арқылы реттелді, – деп жауап берді Қанат Бозымбаев.
Айтуынша, кез келген әлеуметтік көмек атауды болуы және нағыз мұқтаждарға жетуі керек.
Еске салайық, Үкіметте Қазақстандағы жылу маусымына дайындық жұмыстары туралы айтылды.
Сондай-ақ, бұған дейін коммуналдық қызмет тарифтері неге қымбаттап жатқанын жазған болатынбыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!