Фото: ult.kz

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті құны 4 млн теңге болатын бейнеконференц байланыс жүйесінің бір данасын 50 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облыстық департаментінің мәліметі бойынша, биыл облыста 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуы әрекеті тоқтатылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың айтуынша, департаментпен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сатып алуларына жүйелі түрде мониторинг жүргізіледі. Жоспарланған тауарлардың бағалары орташа нарықтық бағалармен салыстырылады. Сәйкесінше, бағаны көтеріп жіберген жағадайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан ұсыныстар енгізіледі.

«Тек осы жылы облыс бойынша 1,2 млрд қаражаттың тиімсіз пайдаланылуының алды алынды. Мәселен, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бейнеконференц байланыс жүйесін бір данасын 50 миллион теңгеге сатып алуды жоспарлаған, ал бұл өнімнің орташа құны шамамен 4,1 миллион теңгені құрайды. Нәтижесінде сатып алу тоқтатылды», – деді Айдос Мамыт.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!