Атыраудағы «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиешісі мекемеде болып жатқан жантүршігерлік деректерді жария еткені үшін әкімшілік тарапынан заңсыз жұмыстан шығарылғанын және қудаланғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Ол өз өмірі үшін қорқатынын жеткізді.
«Мен, Досалиева Марьяш Тоқтарқызы. «Шаңырақ» балалар ауылындағы жұмысым барысында балалармен қарым-қатынас жақсы болды. …Үш бап бойынша заңсыз жұмыстан шығарды. Балалар үйінде болған зорлық-зомбылықты айтқаным үшін қудалап жатыр. Өміріме қатты алаңдап отырмын», – деді тәрбиеші бейнеүндеуінде.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда «Шаңырақ» балалар ауылына қатысты дау жалғасып жатқаны хабарланған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!