Алдына келгенді аямайтын әнші Төреғалидің соңғы уақытта басы даудан шықпады. Бұл жолы әншінің ұрғанын жариялап, шағым айтқан жігіттің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ.
Бейнежазбада құрылыс алаңында жұмыс істеп тұрған жігіт бетінен аққан қан үшін қалжыңдап Төреғали Төреәліні кінәлайды. Әншінің бір емес, бірнеше рет қайталанған әрекеті халық арасында күлкіге айналған көрінеді. Құрылысшы жігіттің бейнежазбасы көпшіліктің көңілінен шығып, тіпті әншіні біраз мазақ етіп күлді.
«Ай, Төреғали-ай, тыныш жүрсей», «Күшті айтты», «Енді Төреғалиға кезек келіпті», «Айтқан әңгімесінен күлгені күшті екен», «Енді теңгеңді берді ма Төреш», «Өтті-өтті, Төреғали опасян», «Миллион қашан береді за компенсацию», «Төреғалидің концертіне бармағансың ғой, сол үшін ұрған», — дейді желі қолданушылары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!