Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрлігінің не себепті 1 млн теңгеге кресло сатып алғанын түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Журналистер Үкімет кулуарында министрлік не себепті миллиондаған сомаға кресло сатып алғанын сұраған. Таяуда бұқаралық ақпарат құралдары «LUX жоғары сапалы» креслоларды сатып алу үшін министрлік 1,1 млн теңге жұмсағанын жарыса жазған.
«Мен бұл жерде қандай сенсация пайда болғанын білмеймін. Бір млн теңгеге орындығы қирап біткен қызметкерлерге 15 кресло сатып алынған. Сол ескірген орындықтарды ауыстырдық. Сатып алынған әр креслоға 75 мың теңге төленген. Бұл жоспарлы шара болатын. Қызметкерлерімнің қосымша беріп жатқан мәліметі бойынша 9 жыл бойы пайдаланылған крселоларды жаңаладық. Бұл жай ғана қажеттілік», – дейді министр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!