фото: ixbt.com

Қазақстанда байланыс операторлары тарифтерді жыл соңына дейін өзгертпейді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақпаратты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі растады.


«Байланыс операторларымен келісім нәтижесінде байланыс қызметтерінің қолданыстағы тарифтері 2024 жылдың соңына дейін сақталатын болды. Операторлар мемлекет бастамасына қолдау көрсетіп, экономикалық қиындықтарға қарамастан, қолданыстағы тарифтерді сақтап қалуға дайын екенін хабарлады», – делінген хабарламада.

Министрлік міндеттемелердің орындалуын қадағалауды жалғастырмақ. Осылайша елдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылдайды. 

«Байланыс – күнделікті өмірдің, жұмыстың және оқудың негізі. Байланыс қызметтерінің тарифтерін тұрақты деңгейде сақтау – азаматтардың мүдделерін қорғауға және әлеуметтік маңызды бастамаларды қолдауға деген ұстанымымыздың айқын дәлелі», – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Желтоқсан айында кейбір қазақстандықтар үшін ұялы байланыс пен интернет бағасы қымбаттайтыны туралы айтқан едік. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!