ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» жаңа заңы бойынша 2022 жылдың шілденің 1-нен бастап дәстүрлі пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) күшін жойып, олардың орнына жай серіктестіктер (ЖС) және мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) алмастырылады. Олар бір үй – бір басқару органы жүйесі бойынша жұмыс істейді және үйдің жай-күйіне меншік иелері өздері жауапты болады.
Егер тұрғындар мүлік иелерінің бірлестігін құруды таңдаса, онда оны ХҚКО бөлімшесі арқылы құзыретті мемлекеттік органда тіркеуі керек. Ол үшін тұрғындар арасынан сайланған өкіл ХҚКО операторына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1.пәтер иелері жиналысының хаттамасы;
2.бірлестік жарғысы немесе үлгілік жарғы негізінде қызмет жүргізу туралы өтініш;
3.төлем туралы түбіртек.
Меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін, тұтыну кооперативтерін мәжбүрлеп тарату туралы арызбен сотқа жүгіну жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктер,тұрғын үй инспекциясы) құзыретінде.
Зинеш АЙТЖАНОВА,
Қызылорда облысы,
Арал ауданаралық
әділет басқарма басшысының м.а.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!