Kyzylorda-news.kz. Биыл Наурыз мейрамында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 5 күн демалады.  

Заң бойынша елімізде Наурыз мейрамына орай 21-23 наурызда үш күн демалыс беріледі. 21 наурыз демалыс күніне түсіп тұрғандықтан мереке жұмыс күніне, 24 наурызға ауыстырылады. Ал 20 наурыз онсыз да демалысқа сәйкес келіп тұр. Яғни, қазақстандықтар алты күндік жұмыс аптасымен төрт күн, бес күндік жұмыс аптасымен бес күн демалады.

Айта кетейік, ұзақ демалыстан кейін қазақстандықтар 25 және 26 наурызда жұмыс істеп, содан кейін қайтадан екі күн – 27-28 наурызда (сенбі, жексенбі) демалады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!